Saturday, 23 November,2024

Қазақстандық журналист қажылыққа велосипедпен жолға шықты

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Республикалық "Спорт жұлдыздары" журналының Павлодар облысындағы меншікті тілшісі Қожакелді Алданов "Құнанбайдың ізімен Меккеге сапар" деп 28 мамыр күні Екібастұз қаласынан ұзақ жолға аттанды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Pavlodarnews.kz жазды.

 “Аллаһым осы күнді бұйыртқан шығар. Жаным Жаратушыға аманат! Енді Аллаһым Меккеде, Қағбаның жанында Жаратқанға дұға етуді жазсын. Жексенбі күні жолға шықтым. Алғашқы аялдама - Астана қаласы. Ай барып, аман қайтып, қайта қауышу бұйырсын”, - деді Қожакелді Алданов.

Ұзақ сапарға аттанған жерлесіміз Қазақстан арқылы Әзербайжанға, одан ары Грузия, Түркия,  Иордания және Сауда Арабиясына жетуді көздеп отыр. Айтуынша, Меккеге жету үшін ол тағы екі теңізді кесіп өтпек. Қожакелді Алдановты қасиетті сапарға туған-туыстары мен жерлестері шығарып салды. Бүгін таңертең ол Астана қаласына жеткенін хабарлады.

Ұсынылатын