Saturday, 23 November,2024

Қазақстандықтарды 80 миллион теңгеге сан соқтырған интернет-алаяқтар ұсталды

Uaqyt.info
Фото Polisia.kz

ШҚО полицейлері қазақстандықтарды 80 миллион теңгеге сан соқтырған интернет-алаяқтар тобын құрықтады, деп хабарлайды Uaqyt.info.

ШҚО ПД криминалдық полиция “Киберпол” қызметкерлері интернет-алаяқтық фактілері бойынша көп эпизодты қылмыстық істі ашты. Бұған дейін Өскемен қаласы ПБ Үлбі полиция бөліміне облыс орталығының тұрғыны өтінішпен жүгінген. Ол белгісіз адам оған қоңырау шалып, өзін банк қызметкері ретінде таныстырғанын айтқан.

Сұхбаттасушы оның атына ақшалай несие ресімделгенін айтып, өз көмегін ұсынған. Банктің жалған қызметкері сенгіш жәбірленушінің сауалнамалық деректерін алып, оған 1 миллион теңге көлемінде несие ресімдеген.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері үш күдіктінің жеке басын анықтады. Тәртіп сақшылары олардың үйлеріндегі заттай дәлелдемелерді тәркіледі. 50-ден астам жәбірленуші интернет-алаятар тоьының құрбанына айналған, ал залал сомасы шамамен 80 миллион теңгені құрайды.

Жас адамдар жұмысты танымал мессенджер арқылы тапқаны анықталды. Олардың рөлі қылмыстық жолмен алынған бөтен адамдардың ақшасын банкоматтар арқылы заңсыз қолма-қол ақшаға айналдыру болған. Кейін олар мәміленің белгілі бір пайызын алып, ақшаны криптовалютаға аударып отырған.

Полиция департаменті ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, қазіргі уақытта қажетті тергеу және жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.

 

 

 

 

Ұсынылатын