Қазақстанға iPhone 15 смартфондары заңсыз кіріп жатыр
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қазақстанға заңсыз әкелінген iPhone 15 смартфондары Алматы әуежайында тәркіленді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Мемлекеттік кірістер комитетінің хабарлауынша, Дубай-Алматы рейсін кедендік бақылау кезінде декларацияланбаған 34 дана iPhone 15 телефоны тәркіленген. Олардың жалпы құны - 25,3 млн теңгені құрады.
“Тәркіленген тауарлар кедендік рәсімдеуден өту және рұқсат құжаттарын жасату үшін уақытша сақтау қоймасына жіберілді”, –деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.