Saturday, 23 November,2024

Қазақстанға өзге мемлекеттен заңсыз әкелінген кішкентай балалар табылды

Алмас Абылай
Фото pixabay

Солтүстік Қазақстан облысында елімізге заңсыз әкелінген балалар табылды. Олар Орталық Азия елдерінің бірінен құжатсыз кіргізілген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Солтүстік Қазақстан облысында полиция департаменті Ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлерімен бірлесіп Қызылжар қаласында жедел-іздестіру шараларын жүргізді. Осылайша 7 пәтерді сүзіп шыққан. Нәтижесінде Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды. Балалардың Қазақстан аумағанда жүріп-тұруына рұқсат беретін құжаттар болмады.

"Үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге ел аумағына заңсыз кіру, шығу және жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету деректері тіркелді. Аталған іске байланысты жедел тергеу тобы құрылды. Тергеу қылмыстық кодекстің 394-бабы, 2-бөлігі бойынша жүргізіліп жатыр", - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ, анықталған тұлғалардан, оның ішінде кәмелетке толмағандардан жауап алынып, сұрау салынуда. Мәселенің мәнін толыққанды анықтауға қажетті сараптамалар тағайындалды.

Ұсынылатын