Қазақстанға рулі оң жақтағы көліктерді әкелуге тыйым салынуы мүмкін
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Бұйрықта тыйымның орындалуын бақылауды қамтамасыз ету Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне жүктелетіні айтылған. Құжат 13 қыркүйекке дейін қоғамдық талқылауда болады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
"Қазақстан Республикасының аумағына оң жақта орналасқан рульдік басқарылатын жеңіл автомобильдерді әкелуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін", - делінген хабарламада.