Thursday, 19 September,2024

Қазақстанға Жүрсін Ерманның құдасы келді

Uaqyt.info
Фото Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына алғашқы медицианлық көмек қызметін үйлестіретін жаһандық колиция құруды ұсынды, деп хабарлайды Uaqyt.info Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

Астанадағы Конгресс орталықта алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі Алматы декларациясының қабылдануының 45 жылдығына және Астана декларациясының қабылдануының 5 жылдығына арналған халықаралық конференция өтіп жатыр.

Шарада сөз алған Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев конференцияға қатысушы жастардан нақты ұсыныстар күтетінін айтты.

«Бүгінгі шарада Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы басшылығының қатысып отырғанын пайдаланып, алғашқы медициналық-санитариялық көмекті жаһандық ұсыну саласы оның қызметін үйлестіретін арнайы құрылым құрудан ұтатынын айтқым келеді. Мен ДДСҰ қолдауымен алғашқы медициналық-санитариялық көмек жөніндегі мемлекеттер коалициясын құруды ұсынамын», - деді Мемлекет басшысы.

Президенттің айтуынша, бұл коалицияның негізгі міндеті денсалулық сақтау саласындағы алдын алу принциптерін әрі қарай ілгерілету, сондай-ақ алғашқы медициналық-санитариялық көмекті дамытудың бірлескен ұсынымдарын дайындау болу керек.

«Мен бүгін жас делегаттардың алғашқы медициналық-санитариялық көмек саясаты мен тәжірибесі туралы қорытынды мәлімдемесін асыға күтемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылатын