Қазақстаннан Ауғанстанға гуманитралық көмек жеткізілді
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қазақстан атынан Ауғанстанға гумантитарлық көмек жеткізілді. Арнайы рейс Шымкенттен Герат аймағына ұшып шықты, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға Қазақстан атынан гуманитарлық көмек жеткізілді. Y8F200W ұшағы Шымкент әуежайынан ұшып шықты. Бортқа 1200 адамға уақытша баспана болатын ондаған шатыр, бірнеше тонна дәрі-дәрмек тиелген.
Қазақстан халықаралық ресми даму агенттігінің бас менеджері Серік Нұржанның айтуынша, керекті заттар Ауғанстан тарабының берген тізімімен жасақталған.
Айта кетейік, 7 қазан күні Ауғанстанның батысындағы Герат провинциясындағы 6,3 балдық жер сілкінісі салдарынан 2053 адам қаза тауып, 9 мыңнан астам адам жарақат алған.