Saturday, 23 November,2024

Қазақстанның 11 өңірінде шаңды дауыл тұрып, найзағай ойнайды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде қолайсыз ауа-райы болатынын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Синоптиктердің болжауынша, Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында тұман күтіліп, Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады,  түнде облыстың солтүстігінде желдің екпіні 15-20 м/с болуы мүмкін.

Қостанай облысының басым бөлігінде оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Жетісу облысының солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 17-22 м/с.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 17 м/с.

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші 15-20, екпіні 23-28 м/с.

Шымкентте шығыстан жел соғады, екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 23 м/с.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан соғады, күші облыстың орталығында, шығысында екпіні 15-20, күндіз кей уақытта 25 м/с.

Павлодар облысының солтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Ақмола облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 25 м/с күтіледі.

Жамбыл облысының солтүстігінде шаңды дауыл болады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Ұсынылатын