Saturday, 23 November,2024

Қазақстанның мемлекеттік қарызы қанша трлн-ға жетті?

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның мемлекеттік қарызының көлемін айтты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы министр министрлер кабинетінде өткен брифингте мәлімдеді.

"2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстанның мемлекеттік қарызы 27 триллион теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 22,8 пайызын құрайды. Бізде 33 пайыздық шек бар. Бұл қауіпсіз деп саналады", - деді Қаржы министрі Мәди Тәкиев.

Айта кетейік, 2023 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша мемлекеттік қарыз 25,3 трлн теңгені немесе ішкі жалпы өнімнің 24,9 пайызын құраған болатын.

Ұсынылатын