Friday, 22 November,2024

Қазақстанның қарызы 1,1 триллион теңгеге өсті: Осылайша жалпы сома 59 миллиард долларға жуықтаған

Алмас Абылай
Фото ашық ғаламтордан

Экономикалық зерттеулер институты 2023 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша Қазақстанның мемлекеттік борышының мөлшерін есептеді. Жалпы сома 26,4 триллион теңге, яғни, 58,9 миллиард доллар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Қазақстанның қарызы жайында Вes.media жазды. Дерекке сүйенсек, биылғы жылдың бірінші тоқсанындағы қарыз мөлшері 4,3 пайызға өскен. Яғни 1,1 триллион теңге.

2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік борыштың құрылымы келесідей:

Үкіметтің борышы 22,7 триллион теңгені немесе мемлекеттік борыштың 86 пайызы;

Ұлттық Банктің борышы 2,6 триллион теңгені немесе мемлекеттік борыштың 10 пайызы;

Жергілікті атқарушы органдардың сыртқы кредиторлар алдындағы борышы 1 триллион теңгені немесе мемлекеттік борыштың 4 пайызын құрайды.

Үкіметтің қарызына қызмет көрсету шығындары да өсті. 2023 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша бұл шығындар 559,6 миллиард теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес тоқсанымен салыстырғанда 154,3 миллиард теңгеге немесе 38,1 пайызға артық.

Ұсынылатын