Қазақстанның су жаңа Премьер-министрі - Олжас Бектенов
Мәжілістің жалпы отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Премьер-министрдің кандидатурасын қолдады, деп хабарлайды Uaqyt.unfo.
Бұл туралы BAQ.KZ жазды. Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа Парламент Мәжілісінің және AMANAT партиясының төрағасы Ерлан Қошанов Премьер-министр қызметіне Олжас Бектеновтің кандидатурасын ұсынған болатын.
5 ақпанда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Үкімет қызметінен кетті. Ақорда Роман Скляр премьер-министр міндеттерін уақытша атқаратынын мәлімдеді.
Сондай-ақ Президенттің кеңесшісі-баспасөз хатшысы Берік Уәли жаңа үкіметті құру қашан басталатынын айтты.
Экс-премьер Әлихан Смайылов жұмысын қорытындылап, әріптестеріне, қазақстандықтарға алғыс айтты.
Еске сала кетейік, 7 ақпан күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді.