- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Қазақстанның жоғары оқу орындарында Қазақ тілін деңгейлік оқыту өзекті мәселе
Қазақстанның жоғары оқу орындарында Қазақ тілін деңгейлік оқыту өзекті мәселе
Еліміздегі университеттерде Қазақ тілін деңгейлік оқыту өзекті мәселенің бірі. Ғалымдар сол әдістерді талқылады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Республикалық шара Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің А.Байтұрсынұлы атындағы Қазақ тіл білімі кафедрасының ұйымдастыруымен өтті. "Қазақ тілін деңгейлік оқыту мәселелері" тақырыбындағы дөңгелек үстелге қазақ тіл білімінің жанашырлары, ғалым-педагогтер қатысты. Ал дөңгелек үстел модераторы А. Байтұрсынұлы атындағы "Қазақ тіл білімі" кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор Анар Салқынбай.
Дөңгелек үстел барысында "Қазақ тілін деңгейлік оқытудың басты мәселелері, қазақ тілін деңгейлік оқытудың ғылыми-теориялық парадигмалары, тілді деңгейлік оқытудың ұстанымдары мен құзіреттілік жүйесі, қазақ тілін деңгейлік оқыту барысында қолданылатын әдістер және тіл үйренушілердің қазақша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру мәселелері" тақырыптары аясында өзекті баяндамалар жасады.
Қатысушылар, сондай-ақ, деңгейлеп оқыту мәселелерін көтеріп, өз ұсыныстар айтты.