Saturday, 23 November,2024

Қазақтардан кейін ең көбі орыстар: Қазақстандағы ұлт өкілдерінің саны жарияланды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Ұлттық статистика бюросы елімізде 124 ұлт өкілі барын жариялады. Дерекке сүйенсек, олардың ішінде қазақтардан кейін саны бойынша ең көбі орыстар, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бүгінгі таңда Қазақстан халқының саны 19 808 430 адамды құрайды. Оның ішінде 70,6% – қазақтар, орыс халқының үлесі – 15,1%, өзбектер – 3,2%, украиндар – 1,9%, ұйғырлар – 1,5%, немістер – 1,1%, татарлар – 1,1%, әзербайжандар – 0,7%, кәрістер – 0,6% және басқа ұлттар. 

ҚР Ұлттық статистика бюросы

Қазақтардың ең көп саны Түркістан облысында – 1,5 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мыңы, өзбектер Түркістан облысында – 378 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 86 мың, 297 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы облысында – 120 мың адам.

Біздің елімізде гагауздар, лезгиндер, құмықтар, аварлар сияқты этностардың да өкілдері бар.

Ұсынылатын