- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Қазақтарды “мәңгүрт” деп кемсіткен ресейлік журналист Қазақстанға кіре алмайды – СІМ
Қазақтарды “мәңгүрт” деп кемсіткен ресейлік журналист Қазақстанға кіре алмайды – СІМ
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қазақстанның сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров ресейлік журналист Тина Канделакиге қатысты тілшілердің сұрағына жауап берді. Естеріңізге сала кетейік, өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында Канделаки қазақтарды “мәңгүрт” деп кемсіткен болатын, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Айбек Смадияровтың айтуынша, Тина Канделаки Қазақстанға кіруге рұқсаты жоқ адамдардың тізіміне кіреді.
“Егер сізге біреу ұнамаса, үйңізге кіргізбейсіз ғой. Біз де сол. Керек кезде шара қабылданады. Бүгін кіргізесіздер ме, ертең кіргізесіздер ме деп талап етпеңіздер. Мемлекет ондайды ешқашан кешірмейді. Ол Қазақстанға келе қоймас. Келген жағдайда кірмейді”, - деді Айбек Смадияр.