- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Қазақты құртқан да құртатын да Қазақ"! Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов әрбір азаматты "әділ" болуға шақырды
"Қазақты құртқан да құртатын да Қазақ"! Кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов әрбір азаматты "әділ" болуға шақырды
Белгілі кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов ел тағдырына алаңдаушылық білдірді. Ол болашақ ұрпаққа ұялмай қарау үшін қазірден кез келген азамат әділ болуы тиіс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Меценат мәлімдемесін әлеуметтік парақшасында жазды. Онда халықтың жағдайын ойлайтын да, сол ойлаушылардың аяғынан шалатын да бір қазақ екеніне күйінген. Әрі осыны мысал ретінде келтіре отырып, қазірден әділ болуға үндеп отыр.
"Қазақты құртқан да құртатын да Қазақ, өкінішке орай. Мұны тоқтату үшін халықтың, бизнестің тағдырына ықпал ететін әр деңгейдегі шенеуніктер Әділ болуды жоғары қою керек. Әлбетте, шындық өз мәресіне жетеді, бірақ қанша адамның келешегіне зиян келтіріліп, күл талқанын шығарады. Әділдікті жағымпаздыққа жығып беріп, оны заңмен безендіріп, өз өзімізді алдау - келешегімізге қиянат жасау", - дейді ол.
Сонымен қатар жазбасында кәсіпкер Алаш зиялыларын көре алмай, тағдырына балта шапқанда сол қазақ екенін ашына айтқан.
"Олай болмағанда Қазақтың тағдыры мүлдем басқа жолмен дамуы мүмкін еді. Болашақта өз ұрпағымыздан өзіміз ұялмайық, Ағайын! Ұлтымызды, елімізді дамығанын көргіміз келсе әрқашан әрқайсымыз Әділ болуымыз керек", - дейді Жұмабек Жанықұлов.