- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- "Қазақтың қас жауы емес..." Ақын Қайнар Алагөзов "Дикий Арманға" айтыс кезінде жыр арнады
"Қазақтың қас жауы емес..." Ақын Қайнар Алагөзов "Дикий Арманға" айтыс кезінде жыр арнады
Белгілі ақын Қайнар Алагөзов айтыс тойында сахнада отырып "Дикий Арманға" жыр арнады. Оның бұл әрекеті қызу талқылануда, деп хабарлайды Uaqyt.info.
"Дикий Арман" лақап атымен таныс Арман Жұмагелдиевке арнаған жыр үзіндісін ақын өзінің әлеуметтік парақшасында жариялаған. Онда Қайнар Алагөзов Арманды қазақтың қас жауы емес, керісінше Түркияда тұрғанда іздеп барған адамның бәрін құшақ жая қарсы алған ірі азамат екеніне тоқталған.
Жыр жолдары былай жалғасады:
Менің сөзім ода-жыр, дастан емес
Және де отқан жоқпын бастап егес.
Бұл күнде қамаудағы жатқан ағам,
Дикийіңде қазақтың қас жауы емес.
Түрмеден Түркияға кеткенменен
Іздеп барған қазақтан қашқан емес.
Мен ол үшін біреумін бір жақтағы
Бірақ менің жүрегім шын жақтады.
Кезінде талай әнші әнін арнап
Талай ақын алдында жыр жаттады.
Астына көк шыбындай үйілгендер
Басына күн туғанда кім жақтады.
Құлан айғыр құдыққа құлап еді
Құрбақа құлағында қылжақтады.
Бір тілегін бұл Қайнар ақтарса екен.
Қаңтарда сотталғандар ақталса екен
Қаңтарда сотталғандар ақталса екен
Соларға оқ атқандар жоқ болса екен...
Бұл арнауға желі қолданушылары түрлі пікір қалдыруда. Бірі ақынның дұрыс айтқанын, қолдайтынын жазса, енді өзгелері сынға алған.