Sunday, 24 November,2024

Қазақтың руы кәсіпке айналды: Блогер Бейбіт Әлібековтің мақсаты не?

Алмас Абылай
Фото Видеодан кадр

Елімізде соңғы уақытта руды саудаға салу қатты белең алды. Бірі түрлі тұрмыстық затқа жазса, енді өзгелері нарыққа жаңашылдық әкелгендей шулап жатыр. Десе де бұл аз ғана қазақты іштей ірітіп, ру-руға бөлінуіне әсер етпесіне кім кепіл?!

Әсіресе белгілі блогер, миллиондаған оқырманы бар Бейбіт Әлібеков ерекше белсенді. Әлеуметтік парақшасында «футболка» алдына әр руды жазып, елге саудалап әлек. Тіпті түрлі шараларда жарнамасын да жүйелі насихаттауда.

Елімізде руды саудалау тек киім-кешекте ғана емес, өзге де тұрмыстық заттарда кездеседі.

Әрине, кәсіп, іс, ақша әр адамға керек-ақ. Бірақ мұндай әрекет бір жағынан өзі аз ғана қазақты іштен бөлуге кері әсерін тигізбесіне кім кепіл?

Желідегі жұрт блогер саудасын жиі талқылағанымен, оқырмандар арасында осыны да ойға алатындары байқалып жүр. 

Ұсынылатын