Saturday, 23 November,2024

Қазақтың жері қытайлық сайттарда арзан бағамен саудаланып жатыр – Қазнет

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қазақстанның ауылшаруашылық мақсатындағы жер телімдері қытайлық сайттарда саудаланып жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы Facebooк-те Ерлан Мазан есімді желі қолданушысы жазды.

“Ойда жоқта Қытайдағы жер жалдау сайтына тап болып, таң қалдым. Әлгі Жер кодексі арқылы шетелдіктерге жалға берілмейтін болып шешілген ауылшаруашылық мақстындағы қазақтың жері ол сайтта арзан бағамен ашық саудаға салынып жатыр. Бұл енді барып тұрған бассыздық қой!”, - деп жазды Ерлан Мазан.

Ерлан Мазанның бұл жазбасы желі қолданушыларының ашуын туғызды. Атышулы жазбаға қатысты түрлі пікір жазып жатқандар көп.

“Бізде жерді шетелдіктерге жалға беруге тыйым салынған. Ал қытай сайттарында қазақтың жері саудаланып жатыр деген ақпар бар.

Қытайдың визасыз 30 күн жүруіне рұқсат бердіңдер. Енді мынау не ақпар? Билік, жауап бер!, - деп жазды Дина Елгезек.

Ал Садық Шерімбек есімді желі қолданушысы билік басындағылардың бұл ақпаратқа қатысты жауап беруін талап еткен.

“Ауылдан ағам келген бір ай бұрын. Астананың маңайында егін салмақ ойымен жер іздеп келіп еді. Сондағысы іздегеніміз 3 гектар ғана. Ойлаңызшы, бір ай іздеп таппадық қой. Жер табылмаған соң ағам амал жоқ құрылысшы боп қара жұмысқа кіріп кетті...

Мына картадағы жерді іздеп барайықшы. Сұрауын алайықшы. Жеріміз жетім емес қой! Кім өзі бұлар? Мораторий қайда? Заң қайда? Бәрін қойшы. Ар қайда?, - деп жазды ол.

 

 

Ұсынылатын