QazAvtoJol Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары ұсталды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
QazAvtoJol компаниясының Жамбыл облыстық бөлімшесі директорының орынбасары пара алу күдігімен ұсталды. Бұл ақпаратты Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі растады, деп хабарлайды Uaqyt.info Kazinform-ға сілтеме жасап.
«Сотқа дейінгі тергеудің басталғаны туралы растаймыз. Қосымша ақпаратты жақын уақытта хабарлаймыз», - деді агенттіктен.
Кейбір БАҚ-тың жазуынша, директор орынбасары Дәурен Төлтаев қызылордалық мердігер компаниядан ақша бопсалаған.