"ҚазАвтоЖол" басшысы өз еркімен қызметінен кетті
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшысы Мейірхат Қасымбаев өз еркімен қызметінен кетті. Бұл туралы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Бүгін мен өз еркіммен "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетемін. Екі жылға жуық уақыт бойы әріптестерімізбен бар күш-жігерімізді ұзақ мерзімді жол құрылыстарын аяқтауға жұмсадық. Орасан зор жұмыс атқарылды. Бүгінгі таңда республикалық жол желісінде тоқтап тұрған бірде-бір жоба жоқ деп нық сеніммен айта аламын. Жол саласы ел басшылығы тарапынан да, тұрғындар тарапынан да талай рет сынға алынғаны жасырын емес, былайша айтқанда, жүйелі түрде шешімін табуды қажет ететін түйткілді мәселелер көп”, – – деді Мейірхан Қасымбаев.