«ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы ұсталды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Қаржылық мониторинг агенттігі «ҚазАвтоЖолдың» бұрынғы басшысы Асқар Мұратұлы ұсталғанын айтты. Ол аса ірі көлемде қаржы жымқырды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Астана қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментімен Бас көлік прокуратурасының жұмыс үйлестіруімен бір көзден алу жолымен бюджеттік қаражатты аса ірі мөлшерде жымқыру күдігімен «ҚазАвтоЖол» ҰҚ» АҚ-ның экс-басқарма төрағасы Асқар Мұратұлы ұсталды”, - делінген ақпаратта.
Сотпен күдіктіге қатысты 2 ай мерзімге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды. ҚР ҚПК 201 бабына сәйкес, өзге мәлімет жариялануға жатпайды.