Thursday, 26 December,2024

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының экс-төрағасы Сауат Мыңбаевтың қызы Түркияда тұрмысқа шықты

Алмас Абылай
Фото

"ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бұрынғы төрағасы Сауат Мыңбаевтың қызы Үндістандық кәсіпкердің ұлына тұрмысқа шықты. Той Түркияда өткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Экс-шенеуніктің қызы тұрмысқа шыққаны туралы ақпарат Тelegram-арналарда тарады. Ондағы дерекке сүйенсек күйеу бала Үндістандағы кәсіпкердің ұлы. Ал тойды дүркіретіп Түркияның Измир қаласындағы Теос аралында жасаған.

Салтанатты шараға еліміздің бай-бағландары да қатысыпты. Араларында Ахметжан Есімов, Иманғали Тасмағамбетов, Қайрат Мәми, Бауыржан Байбек те бар деп жазылған ақпаратта.

Суреттерден үйлену тойының үнді дәстүрімен өткенін байқайсыз.

Сауат Мыңбаев ұзақ жылдар бойы "Қазақстан темір жолын" басқарды, әрі Мұнай және газ министрі қызметін де атқарған.

Желідегі жазылған дерекке сүйенсек, Мыңбаев миллиардтаған долларлық оффшорлық империяға иелік етеді. Ал оның серіктестері Ниццада Қазақстаннан шығарылған ондаған миллион еуроға жылжымайтын мүлікке ие.

Ұсынылатын