Friday, 17 May,2024

Қажылыққа бет алған автобус апатқа ұшырап, 20 адам қаза тапты

Уақыт.кз
Фото saudigazette.com

Меккеге бағыт алған автобус жол апатына ұшырады. Соның салдарынан 20 адам қаза тауып, 29 жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Бұл туралы Saudi Gazette басылымы хабарлады. Онда автобустың көпірден құлап, өртке оранғаны жазылған. Басылым мәліметінше, автобустың тежегіші істен шығыпты. Соның салдарынан 20 жолаушы оқиға орнында қаза тапса, тағы 29 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Зардап шеккендердің барлығы умра жасау үшін Меккеге бара жатқан. 

Ұсынылатын