- Басты жаңалықтар
- Әлем
- Қисапсыз зымыран ұшырған Израиль, қанға малынған Газа: Қырылған палестиналықтар қатары 6,5 мыңнан асты
Қисапсыз зымыран ұшырған Израиль, қанға малынған Газа: Қырылған палестиналықтар қатары 6,5 мыңнан асты
Алмас Абылай

Газа секторында қаза болған адамдар саны 6,5 мыңнан асты. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қанға малынған Газа жайын ВВС жазды. Дерекке сүйенсек, соғыс басталғалы қайтыс болған палестиналықтар саны 6 546 адамға жеткен. Оның ішінде 2 704-і бала.
Ал жараланған халықтың саны 17 439 мыңға жуық.
Тіпті соңғы 24 сағатта тоқтаусыз жарылған зымыраннан 756 адам көз жұмыпты. Оның 344-і кәмелет жасына толмағандар.
Қаза болғандардың 65 пайызы Газаның оңтүстігіне бас сауғалаған қарапайым халық көрінеді.