Sunday, 8 December,2024

Қоғам келбеті: Кредитке батқан әйел өзін өлтірмек болды

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Жетісу облысында несиесін төлей алмай қиналған әйел өзін өлтірмек болды. Ол қол тамырын ұстараның жүзімен тілгілеген, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Әлеуметтік желіде тараған дерекке сүйенсек, банктердің бірінде зейнеткер несиесін төлей алмағандықтан өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Оқиға Абылай хан көшесіндегі банктердің бірінде тіркелген.

Көп ұзамай бұл жайтты полиция растады. Яғни 74 жастағы әйелдің сол жақ білегі тілінгенін анықталған.

"Жәбірленуші ауруханаға жеткізілді, онда қажетті медициналық көмек көрсетілгеннен кейін науқасқа амбулаторлық емдеу ұсынылды. Қалалық полиция қызметкерлері жарақаттың себебі мен барлық мән-жайды анықтап жатыр", - делінген полиция дерегінде.

Сондай-ақ полиция өкілі ҚР ҚК 105-бабы ("Өзін-өзі өлтіруге оқталу") бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол облыстық департаменттің бақылауына алынғанын мәлім етті.

Ұсынылатын