Saturday, 23 November,2024

Қой терісін жамылған: Павлодар облысында прокурор атын жамылып, ақша бопсалаған күдікті ұсталды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерде Павлодар облысы прокуратурасының қызметкері қорқытып ақша алған деген  ақпарат тарап жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

2024 жылдың 9 ақпанында облыс прокуратурасының ішкі қауіпсіздік қызметіне Павлодар қаласының тұрғыны прокуратура қызметкерінің әрекетіне шағыммен жүгінген.

2024 жылдың 10 ақпанында Қылмыстық кодекстің 194-бабы (қорқытып алу) бойынша облыс Полиция департаменті сотқа дейінгі тергеуді бастады.  

Сол күні күдікті ұсталып, ол қылмыстық құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындады.

Ұсталған адамның прокуратура органдарына еш қатысы жоқ.

Қылмыстық тергеу жалғасуда.

ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.

Ұсынылатын