- Басты жаңалықтар
- Қылмыс
- “Қой терісін жамылған..” Жетісу облысында дәріханаларды заңсыз тексерген полицейлер жауапқа тартылды
“Қой терісін жамылған..” Жетісу облысында дәріханаларды заңсыз тексерген полицейлер жауапқа тартылды
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Жетісу облысының полиция қызметкерлері кәсіпкерлерге қатысты тексеру жүргізуге мораторий жарияланғанына қарамастан, тиісті актіні енгізбей, Талдықорған қаласы мен Ескелді ауданының 7 дәріханасын тексерген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ведомство өкілдерінің хабарлауынша, өз әрекеттерінің заңсыздығына қарамай, полиция аталған кәсіпкерлерге қатысты әкімшілік құқық бұзушылықтары туралы материалдар жинаған (дәрі-дәрмектерді рецептсіз босату) және фармацевтикалық бақылау саласындағы уәкілетті органға жолдаған.
Прокурорлық қадағалау актісі бойынша іс-қимылдардың заңсыздығын ескере отырып, тексеру іс-шаралары заңсыз, ал олардың нәтижелері жарамсыз деп танылды.
Кінәлі полицейлер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.