Saturday, 23 November,2024

“Қол қусырып отқан жоқпыз”. Ерке Есмахан тасқыннан зардап шеккен жұртқа көмек бергендерін айтты

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Танымал әнші Ерке Есмахан су тасқынынан зардап шеккен жұртқа қайырымдылық жасап жатқандарын айтты. Бірақ ақшаның көлемін айтуға күйеуі тыйым салыпты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

"Су тасқынынан зардап шегіп жатқан өңірлерге отбасымыздың атынан қолымыздан келгенше көмек берудеміз. Қанша қаражат аударғанымызды көрсетіп, жариялап, айтуыма, жолдасым қарсы. Жанұя болғалы жасаған қанша үлкенді-кішілі қайырымдылық, берген көмегімізді айтқызбады. Әрі қарай да "Айтып, жазбайсың" деген шарт қойды. Күйеуім "Әр ісімізді Алла біліп, разы болса болғаны" деген ұстаныммен жүреді. Мен жазғым-ақ келеді. Өйткені, сіздер бізді қол қусырып отыр деп ойламасын деймін. Онымен жолдасымның түсінігі басқа. Сол үшін артық сөз жазудан аулақ болыңыздаршы. Алла сабыр берсін. Біз де дәл сіздер сияқты халықпыз. Келесі жылы мемлекетіміз бұндай жағдайларға алдын-ала дайын болар деген үміттеміз. Еліміз аман болсын", – деп жазды Ерке Есмахан.

Ұсынылатын