Saturday, 23 November,2024

Қолдау қарымта шабуылға байланысты: АҚШ Украинаға ендігі көмегін нәтижелі іс-әрекетке қарай қарастыратынын мәлімдеді

Алмас Абылай
Фото ВВС

АҚШ ендігі көмекті Украинаның қарымта шабуылы нәтижесіне қарай қарастырмақ. Себебі бұл іс-әрекет тікелей Байденнің де абыройымен байланысты, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ВВС жазды. Ондағы дерекке сүйенсек, дәл бүгінге дейін бөлінген қаржы, берілген әскери техника Украинаның алға жылжуына үлкен мүмкіндік береді. Бірақ қарымта шабуыл нәтижесіз болса АҚШ билігіндегі Президент абыройына да нұқсан келуі мүмкін. Тіпті соғыс жағдайында мәселе шешілмесе, онда тек келіссөз жасасуға тура келмек.

Мамыр айындағы есеп бойынша АҚШ-тың Украинаға бөлген қаржысында 2 миллиард доллар қалған. Егер әскери шабуыл нәтижесіз болса онда қаржыландыру да қысқаруы мүмкін деген болжам бар. Шамамен 500 миллион долларған.

Дей тұрғанымен бұл мәселе әзірге болжам ғана.

Соңғы мәліметтерге сүйенсек, Украинаның қарымта шабуылы Зопорожье, Бахмут және Херсон бағытында басталған. Бірақ Кахов су электр станциясының жарылуы Ресей тарапының күш алуына себеп болды. Соған қарамастан майдан даласында қиян-кескі ұрыс жүріп жатыр.

Ұсынылатын