“Қолында тізім болған”. 9 адамды атып өлтірген оқушыны қандай жаза күтіп тұр?
Белградтағы мектептердің бірінде суық қарудан оқ жаудырып, 9 адамды өлтірген Коста Кечманович есімді оқушы заңға сәйкес жазаланбайтын болды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
«Вечерние новости» газетінің жазуынша, жасөспірім 14-ке толмағанына байланысты қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Бұл туралы оқушының адвокаты мәлімдеді. Қазір мектепте қырғын жасаған Коста әскери-медициналық академиясында тексеруден өтіп жатыр. Ал оның әкесі 48 сағатқа уақытша ұстау абақтысына жабылған.
Сербиядағы жантүршігерлік жағдайға байланысты ел билігі аза тұту күнін жариялады. Естеріңізге сала кетейік, 14 жастағы Коста Кечманович мектепте қырғын жасап, 9 адамды жер жастандырған болатын. Оның қалтасында тіпті өлтіруді жоспарлаған балалардың аты-жөнінің тізімі болған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр.