Saturday, 23 November,2024

Қонаев қаласының әкімі отставкаға кетті

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қонаев әкімі Нұрлан Құматаев отставкаға кетті. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Жанна Арынбекова мәлімдеді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оның айтуынша, Нұрлан Құматаев 2024 жылдың 28 наурызында Қонаев әкімі қызметінен өз өтініші бойынша кеткен.

«Ол басшылық кезінде бірнеше маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырды. Мысалы, қазандықты мазутқа емес, табиғи газға көшіру, ыстық сумен қамту сияқты жұмыстарды жүргізді. Оныншы шағын ауданды абаттандыру жұмыстарын, мектеп пен тұрғын үйлердің құрылысын бастады. Сонымен қатар, ол «Ардагер» және «Самал» шағын аудандарында да жобалар жүзеге асырыды. Нұрлан Құматаевтың жетекшілігімен жылу желілері жаңартылды, ұңғымалар игерілді, суару желілері қайта жаңғыртылды және кәріздік сорғы стансалары жаңартылды», - делінген ақпаратта.

Ұсынылатын