- Басты жаңалықтар
- Қоғам
- Қонаевта қаскөйлер 18 жастағы қызды өлтіріп, денесін ауыл маңына тастап кеткен
Қонаевта қаскөйлер 18 жастағы қызды өлтіріп, денесін ауыл маңына тастап кеткен
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Қонаев қаласында төрт жігіт 18 жастағы қызды қатыгездікпен өлтіріп, денесін ауыл маңына тастап кеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы Telegram арналардың бірінде жазылды. Онда 18 жастағы бойжеткеннің аюуандықпен өлтірілгені айтылған. Марқұмның мәйіті 21 наурызда табылды.
Полицейлердің айтуынша, қылмысқа қатысы бар күдіктілер ұсталды.
“Болжам бойынша, 14 наурыздан 15-іне қараған түні қызды зұлымдықпен өлтірген. Олар қыздың телефонын тартып алып, оның атына несие рәсімдеген, сонан соң қаланың сыртына алып кетіп, өлімші етіп сабаған, сол күйі оны Бақанас ауылының маңында тастап кеткен”, - делінген мәліметте.