Saturday, 23 November,2024

Қонаевтағы казинолар жабыла ма: Облыс әкімі жауап берді

Uaqyt.info
Фото

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қонаев қаласында орналасқан казиноларға қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, қалада қазіргі таңда 5 казино және өзге де ойын бизнесі субъектілері жұмыс істеп жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Бүгінгі таңда мұндай жоспар жоқ, өйткені бұл туристік қала және бұл туристерді тартатын салалардың бірі – ойын туризмі. Менің ойымша, біз артықшылықтарымызды жоғалтпай, барлық мүмкіндіктерді пайдалануымыз керек. Бұл жерлерде 7,5 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 64 мың адам тұратын қала үшін бұл айтарлықтй көрсеткіш. Былтыр ойын бизнесі субъектілері 90 миллиард теңгеге жуық салық төлеген, - деді Марат Сұлтанғазиев.

Ұсынылатын