Saturday, 27 July,2024

Қоқыста жатыр: Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды

Uaqyt.info
Фото

Астанадағы Ұлттық қорғаныс университетінің алдында тұрған экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың ескерткіші алынып тасталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Далада жатқан Назарбаев ескерткішінің фотолары әлеуметтік желіде пайда болды. Онда желі қолданушылары экс-президенттің мүсіні қоқыста жатыр деп жазған.

Айта кетейік, бұл ескерткіш Назарбаевтың 80 жылдық мерейойына орай 2020 жылы тұрғызылған болатын. Университет басшылығы экс-президенттің ескертікішінің алынып тасталғанын растады. Ондағылардың айтуынша, мүсін қазір қоймада жатыр.

Ұсынылатын