Friday, 22 November,2024

Қордайда төтенше жағдай жарияланды

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

Жамбыл облысының Қордай ауданында қатты желге байланысты төтенше жағдай жарияланды. Ұйытқып соққан жел үш мектеп пен бір балақшаның шатырын ұшырып әкеткен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген ауданы әкімінің орынбасары Дамира Сүгірбай мәлімдеді. Оның айтуынша, қатты дауыл бірнеше нысанның шатырын ұшырып әкеткен. Шығын көлемі 99 миллион теңгені құрап отыр.

«31 наурыз күні кешке қарай жел басталып, бүгінге дейін қатты соғып жатыр. Күнде кешке 10-ға дейін жел болады. Ауа-райы болжамына сай, желдің жылдамдығы секундына 27-28 метр. Кейбір кезде бұл тіпті 30-дан асып жатыр. 3 мектептің, 1 балабақшаның шатыры ұшып кетті. Біршама өрт те шығып жатыр. Жел Совхоз және Атар аумағында болып жатыр. Колхоз елді мекенінің аумағында жел жоқ. Газ құбырлары мен жарық трансформаторлары құлап жатыр», - деді Дамира Сүгірбай.

Оның айтуынша, табиғи апаттан зардап шеккендер жоқ.

«Зақым келген әлеуметтік нысандарды қалпына келтіру бір күнде шешіле қоймайды. Ол демеушінің көмегімен де шешімін таппайды. Алдын ала есеп бойынша келген шығын сомасы 99 млн теңге. Бұл білім нысандарының барлығы облыстық басқарманың теңгерімінде. Сондықтан техногендік сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылданды», - деді Дамира Сүгірбай.

Ұсынылатын