«Қорғаста» казино мен жезөкшелер бизнесін ұйымдастырғандар ұсталды
«Қорғаста» казино мен жезөкшелер бизнесін жолға қойған қытай азаматтары ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
“Аталған орындарды ҚМА Жетісу облысы бойынша департаменті облыстық прокуратурасымен, Ұлттық қауіпсіздік департаментімен, облыстық полициямен және шекара қызметімен бірлесе отырып жойды. Анықталғандай, астыртын ойын мекемелері түнгі уақытта шектеулі адамдар үшін, атап айтқанда Қытай азаматтары үшін ғана жұмыс істеді. Тінту нәтижесінде 4 коммерциялық ғимаратта 76 ойын автоматы, 43 ойын үстелі, құмар ойындарын ұйымдастыруға қажетті көптеген техникалық құрал-жабдықтар, сондай-ақ 60 мың юаньнан астам ақшалай қаражат табылып тәркіленді”, - делінген ҚМА ақпаратында.
ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіндегі өзге де мәліметтер таратылуға жатпайды.