- Басты жаңалықтар
- Саясат
- Қорқыту ма, ескерту ме? Ресейлік пропаганда елімізге тағы сес көрсете бастады
Қорқыту ма, ескерту ме? Ресейлік пропаганда елімізге тағы сес көрсете бастады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Германияға сапары әрі ондағы мәлімдемесінен кейін Ресейліктер дүр сілкінді. Тіпті ашық Қазақтанға тиісе бастады, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ресейдің империяшыл күштері бірінен кейін бірі ашық пікірлерін білдіре бастады. Мысалға пропагандист Сергей Мардан "Соловьёв LIVE" арнасының эфирінде Украинадан кейінгі кезек Қазақстан болады дегенге келтірген.
"Қазақстан Ресейді өз сыртқы саясатын қалай жүргізуге үйрете бастады. Жетіскен екенбіз. Әлдебір себеппен Қазақстан Президенті Германия канцлерімен Ресейді талқыға салыпты. Біздің стратегиялық одақтасқа біздің стратегиялық жауымызбен келіссөз жүргізуге, Ресейді талқылауға кім құқық берді? Сен кімсің әлде одақтас болудан қалдың ба? Тізім аяқталған жоқ. Біз 1991 жылғы ыдырауды доғарып, ревизия жүргізіп жатырмыз", – дейді ол.
Дәл осындай пиғылда өзгелері де тұлданып әлек.
Айта кетейік, Тоқаев Германиядағы іс сапарында қазақ елінің ұстанымын ашық айтып, Қазақстан әрине, Ресеймен одақтас, көрші, бірақ Астана Батыстың Ресейге қарсы санкцияларын орындайтыны және Мәскеудің оны республикамыз арқылы айналып өтуіне жол бермейтінін мәлімдеген. Сонымен қатар ол Украинадағы қанды қырғынды тоқтатып, БҰҰ жарғысына сәйкес және өзара тиімді шарттармен бейбіт келіссөздер жүргізу керегін де қозғаған.