- Басты жаңалықтар
 - Қоғам
 - "Қош келдің, Люлю..." ҰҚК Сирияда ата-анасыз қалған 7 жасар қызды елге жеткізді
 
"Қош келдің, Люлю..." ҰҚК Сирияда ата-анасыз қалған 7 жасар қызды елге жеткізді
                     Алмас Абылай 
                    
  
                    
  
                
                
                         Фото Видеодан кадр
                                                        Ұлттық қауіпсіздік комитеті Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызын қайтарды деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресми сайтындағы дерекке сүйенсек Сириядан Қазақстанға бұрынғы қазақстандық содырдың 7 жасар қызы қайтарылыпты. Оны қайтару бойынша гуманитарлық операция жарты жылдан астам уақыт бойы жүргізілген.
"Қазіргі уақытта бала Астана қаласының балаларды қолдау орталығында, психологиялық жай-күйі қанағаттанарлық. Осы сәтте қыз бала медициналық тексеруден өтіп жатыр. Оны бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізілуде. Жақын кезеңде ол туыстарының қатарынан қамқоршыларға берілетін болады", - делінген ақпаратта.
Сонымен қатар, комитет соңғы 4 жылда террористік белсенді аймақтардан 518 кәмелетке толмаған баланы, оның ішінде 34 жетім баланы Отанымызға қайтарған.
            


