Sunday, 5 May,2024

Қошқарды 2050 рет көтерген сарбаз рекорд орнатты

Алмас Абылай
Фото

Алматыда Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған жарыста Қорғаныс министрлігінің әскери қызметшісі қошқар көтеруден рекорд жаңартты, деп хабарлайды Уақыт.кз.

Бауыржан Әбдіқайым 50 келілік қошқарды 2050 рет көтеріп, Қазақстанның рекордын жаңартты. Ол осыдан бір жыл бұрын қошқарды 1600 рет көтерген болатын. Бұл Бауыржанның дәл осындай жарыстағы  сегізінші жеңісі. Айта кетейік, спортшы Отан қорғаушы күніне орай Алматыдан Таразға дейін жүгіріп жетуді жоспарлап отыр.

Ұсынылатын