Sunday, 24 November,2024

Қостанай облысында әйел екі баласымен уланып көз жұмды

Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден

Қостанай облысының Федоров ауданына қарасты Лесное ауылында қайғылы оқиға тіркелді. Бір үйдің үш адам ыстан көз жұмды, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жекеменшік 30 қазанда үйден 39 жастағы әйел және оның 10 және 15 жастағы балаларының мәйіті табылды.

Олардың барлығы ыс тиіп көз жұмған. Ал үй 48 жастағы үй иесі ауруханаға жеткізілді. Алдын ала болжам бойынша, адам өліміне пештің сыртқы бөлігіндегі сыланбаған саңылаулар арқылы ыстың үйге таралуы себеп болған.

Мамандар өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауын және қауіп төнген жағдайда 112 нөміріне хабарласуды ескертеді.

Ұсынылатын