Saturday, 23 November,2024

Қостанай облысында әкім өз-өзіне қол салды

Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданындағы ауылдық округ әкімі көз жұмды. БАҚ ақпараттары бойынша, ол суицид жасаған. Қазір полицейлер осы дерекке қатысты қылмыстық іс қозғалғанын жеткізді, деп хабарлайды Uaqyt.info.

"Оқиғаның мән-жайы анықталып отыр. Барлық қажетті тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіне орай өзге ақпарат жария етуге жатпайды", — деді облыстық ПД.

Ал Ұзынкөл ауданы әкімдігі ресми сайтында марқұмның жақындарына көңіл айтты. Айта кетейік, 1964 жылы туған Тастемір Тұрсынбаевтың денесі өз үйінің ауласында 19 наурызда табылған болатын.

Қостанай облысында әкім өлі күйінде табылды – БАҚ | Aikyn.kz

“Пресногорьков ауылдық округі әкімінің кенеттен қайтыс болуына байланысты Тұрсынбаев Тастемір Бұташұлы, Ұзынкөл ауданының әкімдігі марқұмның отбасы мен жақындарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтады”, - делінген хабарламада.

Ұсынылатын