Қостанай облысында ауыл маңынан қыздың мәйіті табылды
Алмас Абылай

Қостанай облысындағы Архиповка ауылының маңынан қыздың өлі денесі табылды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық полиция дерегіне сүйенсек, қыз денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Өз-өзіне қол жұмсаған болуы мүмкін.
"27 тамыз күні сағат 17.00-де Архиповка ауылынан 5 шақырым жерде саңырауқұлақ терушілер алдын ала болжам бойынша өз-өзіне қол жұмсаған қыздың денесін тапты. Қазіргі уақытта полиция осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 105-бабы (өзін-өзі өлтіруге жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады",- делінген ақпаратта.
Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды.