Monday, 16 September,2024

Қостанай облысында балалар мінген автобус өртеніп кетті

Uaqyt.info
Фото Видеодан кадр

Арқалық қаласынан 60 шақырым жерде балалар мінген шағын автобус өртенді. Көлікте 14 адам - пәндік олимпиадаға бара жатқан оқушылар мен мұғалімдер болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Аstanatv.kz жазуынша, бәрі де аман-есен сыртқа шығып үлгерген. Зардап шеккендер жоқ. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан тұтанған.

Автокөлік қалалық мәдениет бөліміне тиесілі. Бір ай бұрын техникалық тексерістен өткізілген көрінеді.

“Қосымша тағы бір Газель жіберілді. Балаларды қайта Арқалық қаласына алып келуге.Бірақ балалар бәрі көңілді.Олимпиадаларын тапсырып, қазір үйлерінде. Ата-анасының қасында отыр”, - деді ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСШЫСЫ Қарлыға ЕСМУРЗИНА

 

Ұсынылатын