Қостанай облысында бойжеткен қайыңға асылып қалған
Uaqyt.info
Фото Ашық дереккөзден
Қостанай облысында бойжеткен суицид жасады. Қайыңға асылып қалған қызды саңырауқұлақ терушілер тауып, полицейлерге хабар берген, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қостанай облыстық ПД таратқан мәліметке сүйенсек ол өз-өзіне қол салған. Бойжеткеннің әзірге неліктен мұндай қадамға барғаны белгісіз. Тәртіп сақшылары тергеу амалдары басталғанын жеткізді.
“Алдын ала болжам бойынша, ол өз-өзіне қол жұмсаған. Аталған іске қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, - делінген хабарламада.