Saturday, 23 November,2024

Қостанай облысында питбуль үш жасар қызды талап, өлтіріп қоя жаздады

Алмас Абылай
Фото Ашық дереккөзден

Қостанай облысында қабаған ит үш жасар қыздың бет-ауызын талап тастады. Соның салдарынан ол ауыр халде ауруханаға түскен, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Аlau.kz сайтының жазуынша, жантүршігерлік жағдай 6 мамырда Тобыл қаласында болған. Питбуль кішкентай қыздың бет-ауызын тістелеп, жыртып тастаған. Ауруханаға ауыр халде жеткізілген науқасқа опрерация жасалды. Дәрігерлердің айтуынша, ол қатты шошынып қалған, ал ауруханадан тігістері алынған соң шығарылады. Ал иттің иесі қандай жазаға тартылатыны туралы әзірге ақпарат жоқ.

Ұсынылатын