Қостанай облысында полиция қызметкері өз үйінің ауласында өлі табылды
Uaqyt.info
Фото ашық дереккөзден
Қайғылы оқиға 10 мамырда Қостанай облысы Ұзынкөл ауылында болған, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, қаза тапқан қызметкер криминалист болып жұмыс істеген. Қаза тапқан уақытта ол кезекті еңбек демалысында болыпты. Әзірге полицейді кімдердің өлтіріп кеткені белгісіз, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
"Аса ауыр қылмыс фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыскерді ұстау бойынша барлық қажетті тергеу әрекеттері мен жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде", - деді полиция.