Friday, 20 September,2024

Қостанайда 13 жастағы қыз көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан

Қостанайда мектеп оқушысы төртінші қабаттан құлап кетті. Абырой болғанда аман, деп хабарлайды Uaqyt.info.

Оқиға кеше күндіз болған. Шаяхметов көшесіндегі 169 үйдің 4-ші қабатынан төмен қарай қарамақ болған қыз құлап кеткен.

Полицияға және жедел-жәрдемге болған оқиға туралы көршілері хабар берген. Олар жұмыста жүрген ата-анасына да қоңырау шалған. Қыз бірнеше жері сынып, ауруханаға жеткізілді.

Пәтерде тоғыз жастағы сіңлісі мен екі жасар інісі болған.

Ұсынылатын