Қостанайда бір жасар бала терезеден құлап кетті
Uaqyt.info
Фото pixabay
Қостанайда көпқабатты үйдің терезесінен бір жасар бала құлап кетті. Сәби жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Қостанай облыстық ТЖД қоғаммен байланыс тобының мәліметінше, кішкентай бала үлкендердің қарауынсыз қалып, ашық тұрған терезеден құлап кеткен. Алған жарақаттан бала жансақтау бөліміне жеткізілді.
Оған дәрігерлер жабық бас миының жарақаты, жағдайы ауыр деген диагноз қойды. Ал мамандар ата-аналарға балаларды қараусыз қалдырмауға, терезелерге торлар немесе блокаторлар орнатуға кеңес береді.