- Басты жаңалықтар
- Сот
- Қостанайда діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтер жариялаған тұрғын сотталды
Қостанайда діни-экстремистік сипаттағы бейнероликтер жариялаған тұрғын сотталды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Қостанай облысында террорлық әрекеттерді насихаттаған тұрғын 7 жылға сотталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті дерегіне сүйенсек, терроризмді насихаттау және діни алауыздықты қоздыру фактісі бойынша Қостанай қаласының тұрғынына қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқталған.
"Қостанай облысының Бейімбет Майлин атындағы аудандық соты оны аталған қылмыстарды жасағаны үшін кінәлі деп танып, 7 жылға бас бостандығынан айырды", - деп жазылған ақпаратта.
Айта кетейік, сотталушы діни-экстремистік сипаттағы бейне роликтерді, терактілердің және кепілге алынған адамдарды өлімге кесу көрінісін, сондай-ақ халықаралық террористік ұйымдардың символикасын әлеуметтік желілерде жариялаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында оның кінәсі толықтай дәлелденді.