Қостанайда есірткі сатумен айналысқан жоғары шенді полицей ұсталды
Алмас Абылай
Фото Ашық ғаламтордан
Қостанайда есірткі сатумен айналысқан полиция департаменті басқарма бастығының орынбасары ұсталды, деп хабарлайды Uaqyt.info.
Бұл туралы журналист Михаил Козачков жазды. Сөзіне сүйенсек, Қостанай облысы полиция департаменті есірткіге қарсы күрес басқармасы бастығының орынбасары ұсталған.
"Басқарма бастығының орынбасары А. Әмзе есірткі сатты және сақтады деген күдікпен қамауға алынды. Оны ұстау кезінде жеке көлігінен 1 келі мефадрон және 1 миллион теңге ақша тәркіленген", - деп жазады журналист.
Сондай-ақ, қазіргі уақытта жоғары шенді полицей уақытша ұстау изоляторына қамалған.